Мақтараалдағы еріктілер 1100-ге жуық тұрғынға қолдау көрсеткен

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабы құрылған болатын.
Волонтерлар штабының негізгі мақсаты – техногендік апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру, қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі жүзеге асыру мен волонтерлықтың жоғарғы үлгілік мәдениеттін сақтай отырып, көмекке мұқтаждардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағынан волонтерлар мен жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған гуманитарлық көмек керуендері Мақтаарал ауданына қарапайым халықтан толассыз келіп жатыр. Облыстық волонтерлық штабта қоймаларда жинақталған азық-түлік, тұрмыстық заттар т.б. гуманитарлық материалдық көмектерді түсіру-тиеу, сондай-ақ эвакуациялық пунктерге шоғырланған тұрғындарға барынша ыңғайлы жағдай жасау – волонтерлардың басты міндеті болып табылады.
“Біргеміз, Мақтаарал!” волонтерлар штабы төтенше жағдайдың бастапқы күндері тоғандар мен дамбылар жасауға жұмылдырылған адамдармен қоса есептегенде 500-ден астам волонтерларды қамтыған болатын. Қазіргі таңда тұрақты түрде 100-ге жуық еріктілер еңбектенуде. Оның ішінде 25-ке жуық ерікті орталық қоймадағы жұмыстарға жұмылдырылса, 15-ке жуық еріктілер волонтерлар штабының қоймасында, 20-дан астам волонтерлар үлестіру-тасымалдау жұмыстарына тартылған. Сонымен қатар, бар эвакуациялық орталықтарда түрлі бағыттар бойынша волонтерлар қызмет етуде.
Зардап шеккен тұрғындардың кейбірі түрлі себептерге байланысты арнайы эвапункттерден бөлек өз туыстары мен жақындарының үйлеріне орналасқан. Осы ретте, «Біргеміз, Мақтарал» штабының эвакуациялық орталықтарға қоныстанбаған тұрғындарға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуде мекен-жайлық көмек көрсету үлгісі бойынша қызмет көрсетеді. Он күндік ішінде “Біргеміз, Мақтаарал!” волонтерлар штабы 1100-ден астам тұрғынға, 150-ге жуық отбасыға 50 тоннаға жуық азық-түлік, қажетті киім-кешек, құрал-сайман, тұрмыстық, жеке гигиеналық заттармен жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетті.

Айгерім Айтаханова

“Біргеміз, Мақтаарал!” еріктілер штабының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *