Өмірзақ Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет 

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен майлы дақылдарды көбейту қолға алынған. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндады.

Бұл сала еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты талдап, нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта дамуда. Ең алдымен, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологиялар енгізілген. Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында жаңбырлатып суғару технологиясы іске қосылып, қурап, бос жатқан жерлерге су келе бастады.

«Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігін ескере отырып, елімізде кеңінен ендіруді қажет деп санаймыз. Жаңа технология қою керек. Білекті сыбанып осыған кірісу керек. Сала үш бағытта дамиды. Үлкен шаруашылық  жасап, не орта шаруашылықпен жылына 2-3 өнім алуға болады. Болмаса, кішігірім  үйдің іргесіндегі жерден де өнім алуға болады. Кейбір аудандар бар, бос жатқан, не тал жоқ, не егіс жоқ. Жұмыс істету керек, бос жатқан жер қалмау керек», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Өңірде 2-3 га алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру өз нәтижесін беруде. Жобаның тиімділігі – 1 га жерден жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Үшінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Бұл тәсіл – әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі – Израиль мемлекетінде кеңінен ендірілген.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *