Шымкенттік оқушылар жасаған глобус КИнЭС-2020 рекордтар кітабына енді

Өскелең ұрпақты білімді де зияткер етіп тәрбиелеу үшін үнемі ізденісте болып, білім жүйесіне жаңалықтар енгізіп, өзіндік идеялар ұсынып, оны жүзеге асырып отыру қажет. №90 жалпы орта білім беретін мектебінде осы бағытқа да ерекше мән берілген. Мектеп директоры Орынбеков Арман Шымбайұлының идеясымен жасалынған ерекше дүниелер жеткілікті. Солардың бірі мектеп дәлізіне орнатылған жер шарының үлгісі – алып глобус. Бұл қазіргі таңда көлемі жөнінен орта Азия мектептеріндегі ең үлкен глобус болып саналады. Диаметрі 200 см., биіктігі 3,5 м  және салмағы 400 кг.болатын глобусты жасауға технология пәнінің мұғалімдері Қыдырәлі Агибаев, Пердехан Тансықов және Болат Серікбеков пен 300-ге жуық оқушы қатысқан болатын. Глобусты жасау үшін гипсокартон материалы қолданылған. Глобус 2015-2016 оқу-жылдарында жасалған. Бұл ерекше дүниені жасауға 6 айға жуық уақыт жұмсалыпты. Орталық Азия мектептерінде жоқ алып глобус (жер шары) Қазақстандық КИнЭС-2020 рекордтар кітабына енгізілуге ұсынылып, жеңімпаз атанды.  Жеңімпаз аталғандығы  расталып, Қазақстандық КИнЭС-2020 рекордтар кітабының бас редакторы К.А.Тазабековтың сертификатына ие болды. №90 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымын осы жетістікпен құттықтай отырып, алда талай ерекше құнды дүниелерімен, әртүрлі жетістіктерімен көпшілікті таң қалдыратынына сенім білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *