ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫН АШТЫ

Шардара ауданының тұрғыны Ахмет Қалмұратов мемлекеттік бағдарламаның арқасында мал бордақылау ісін бастады. Ол 2019 жылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы несиеге 4 млн. теңге алған. Бүгінде сол қаржыға 15 ірі қара мал сатып алып, бордақылаумен айналысуда. Кәсіпкер ет өніміне деген сұраныстың артуына байланысты кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

«Қора 100 ірі қараны байлап бағуға арналған. Әзірге мүмкіндікке байланысты 20 мал басын біріктіріп отырмыз. Қазіргі таңда біздің басты проблемамыз – жем-шөптің қымбаттығы болып тұр. Мәселен, жүгеріні 100 теңгеден сатып алудамыз. Жем-шөпті өзіміз өндірсек,  2 есе арзанға түсер еді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында бұл мәселені де шешуді жоспарлап отырмыз. Яғни, алдағы уақытта жем-шөпті де өзіміз өндіріп, өнім көлемін арттыратын боламыз», – деді А.Қалмұратов.

Кәсіпкер сатылымға шығарылған ет аудандағы дүкендер мен базарлардан артылмай жатқанын айтады. Алдағы уақытта облыс және республика көлемінде ет тауарын жөнелтуді жоспарлап қойған.

Айта кетейік, А.Қалмұратов бұдан бөлек, немістің 6 бас сүтті сиырын сатып алыпты.  Бір сиыр шамамен тәулігіне 45-50 литр сүт беруге қауқарлы екен. Алайда қазір қажетті жүгері ұнтағының болмауынан бір ірі қара 20 литр ғана сүт беруде дейді шаруа.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *