«BOOKCROSSING» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ КІТАПТАР СӨРЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Bookcrossing» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай  кітаптар сөресі ашылды. Бастаманың негізгі мақсаты оқырманның кітап оқу мәдениетін дамыту, жастардың білімге құштарлығын арттыру. Яғни кез-келген оқырман кітап сөрелерінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін алып оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмастыруына болады. Осындай тәжірибенің арқасында оқырманның кітап сөресі әрқашан кітапқа толып, жаңарып отырады. “Bookcrossing” қозғалысы Америка Құрама Штаттарында пайда болып, қысқа мерзімде көптеген елдерде қолдау тауып, оның мүшелерінің саны қазіргі таңда 1,5 миллион адамнан асқан. Айта кету қажет Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай орнатылған кітаптар сөресінің ашылуына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті, Абай атындағы кітапхана мен  Шымкент қалалық жастар мәслихатының мүшелері атсалысты. Жалпы қойылған  түрлі жанрдағы кітаптар саны 200-ге жуық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *