НӘЗІК ЖАНДЫЛАР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірлі аналар, құрметті қыз-келіншектер!

Сіздерді әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің, анада ғана бар мейірімділік пен жылылықтың белгісіндей, көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – ана, отбасының құт-берекесі ғана емес, өмірдің барлық саласына белсене арласатын қоғамның алдыңғы қатарындағы толыққанды мүшесі, сондықтан да ұрпақтың болашағы мен тіліміздің тағдыры да сіздердің қолдарыңызда.

Мереке қарсаңында әрқайсысыңызға ұзақ әрі қызық пен қуанышқа толы ғұмыр, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Құрметпен, Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының прокуроры

Арман Капезов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *