ШЫМКЕНТТЕ МӘСЕЛЕҢІЗДІ НЕБӘРІ 5 МИНУТТЫҢ ІШІНДЕ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықпен қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында «Цифрлық агент» (Digital agent) мобилдік қосымшасы іске қосылған.

Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және оларды 5-балдық шкала бойынша ХҚКО,мемлекеттік кірістер басқармалары, жұмыспен қамту және тест орталықтары мен соттар әкімшісінің қызметтерінбағалай отырып, шағым қалдыру мүмкіншіліктері қарастырылған.

Келіп түскен шағымдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратаменті тарапынан жедел назар аударылып, сапалы қарауын қадағалап,5 минуттың ішінде кері байланыс орнатылады.

Қазіргі таңда,мобильдік қосымшасын қолдану тәсілдері туралы 2 тілде бейнероликтербарлық ХҚКО, мемлекеттік кірістер басқармаларының экрандарында тұрақты көрсетілуде.

Сонымен қатар, бағалауға қала әкімдіктерін және әкімдіктің басқармаларын, мектеп, балабақша, аурухана мен емханалар және т.б мекемлерді мобилдік қосымшаға енгізу жоспарлануда.

Мобилдік қосымшаны жүктеу үшін келесі сілтемеге кіреміз:

Playmarket:https://play.google.com/store/apps/details?id=com.automato.digitalagentapp&hl=ru

Appstore: https://apps.apple.com/kz/app/digital-agent/id1441630994#?platform=iphone

Қолдану тәртібі туралы келесі сілтеме арқылы толық біле аласыздар:

https://drive.google.com/open?id=1G5CVvK1FwBFkLuy9dfoeDgYaEY5WYEho

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *