ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 51%-ЫН ӘЙЕЛ АЗАМАТШАЛАР ҚҰРАЙДЫ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің саны 98 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2097 қызметкер (2,1%) Шымкент қаласында еңбек етеді. Шымкенттің барлық мемлекеттік қызметкерлерінің 51%-ын әйелдер құрайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қалада 55 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның ішінде 28 жергілікті атқарушы, 25 орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, 1 өкілетті орган және тексеру комиссиясы. Қаланың мемлекеттік органдарында штат бойынша 2097 мемлекеттік қызметші, оның 758-і жергілікті атқарушы органдарда, 1339-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде. Қалада мемлекеттік органдарында 10 ұлт өкілдері жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы-38 жасты құрайды, ал 29 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметкерлердің жалпы үлесі – 25%. Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет өтілі 9,4 жылды құрайды. 2019 жылы қаланың 1300-ге жуық мемлекеттік қызметшілерінің тиімділігіне жыл сайынғы баға берілді, нәтижесінде қызметшілердің 50%-ы «өте жақсы», 42%-ы «тиімді» және 8%-ы «қанағаттанарлық»деген баға алды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары бойынша 807 мемлекеттік қызметші оқудан өтті.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруге және құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тестілеуге 5335 азамат қатысты. Оның ішінде төменгі шекті деңгейден 2143 үміткер (40%) өтті. Жеке қасиеттерін бағалауға 1754 адам қатысып, үміткерлердің 70%-ы сәтті өтті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *