ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨРШІЛЕРІНІҢ МАЛДАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

2020 жылдың наурыз айының басында Шардара АПБ-нің кезекшілігіне жергілікті тұрғын арызданып, қорасынан түнгі уақытта белгісіз біреулер 60 мың теңге тұратын малын ұрлап кеткендігін айтады. Бір аптадан кейін полиция бөліміне тағы бір Шардараның тұрғыны арызданып, оның да қора жайынан малы ұрланғанын көрсетеді. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, жедел-іздестіру іс-шаралары атқарылады. Шардара АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік инспекторлары бірлесіп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тінтіп, куәгерлерден сұрастырып, мал тасымалдайтын автокөліктерді және мал сойып, ет сататын орындарды мұқият тексеріп шығады. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады. Ол қойларды ұрлап, мал сатушыға сатып жіберген жәбірленушілердің көршісі болып шықты. Тәртіп сақшылары одан айғақты зат ретінде екі мал басын тәркілеп, заңды иелеріне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Өз кезегінде, ауыл тұрғындары Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болып өз мүліктерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар шаруашылық жайлар сенімді қоршаулармен қоршаплып, жарықтандырылған жөн. Төрт түлікті таңбалау мен сырғалауды ұмытпаңыздар.

Малдарыңыз жоғалса немесе ұрланса тез арада полицияға хабарласыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *