КОРОНАВИРУС ДЕП ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА ТАРАТҚАН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҰСТАЛДЫ

Түркістанда «Ватсап» мессенджері  арқылы жалған ақпарат таратқандар анықталды.

Тексеру кезінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхат жасағанын хабарлады. Ал, Алматы қаласына келген соң, әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіп қарап шығып, карантинге жатқызуға еш негіз болмаған.

Үйге келгеннен кейінде, Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бұл отбасымен байланыс орнатып тексереді, бірақ күні бүгінге дейін аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмаған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының тұрғындары яғни үш күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауда . Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *