20 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫ БАР ТОП ҰСТАЛДЫ

Шымкенттік полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ке сілтеме жасаған 13kz.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 2020 жылдың 6 наурызында Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алдын ала 20 пәтер ұрлығына қатысы бар топ ұсталды. Олар бұрын сотты болған 19 жастағы Түркістан облысының екі тұрғыны болып шықты. Айғақты заттардың бөлігі тәркіленді. Барлық жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *