ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҚША ЖЫМҚЫРҒАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 30-ға жуық тұрғынға бір реттік көмек алып беремін деп алдап, ақшаларын жымқырған алаяқты ұстады. Түлкібас АПБ-не арызданып келген әйелдің айтуынша оның сеніміне кірген бөтен ер азамат, торға түсірген. Яғни, мемлекеттік бағдарлама арқылы бір реттік көмек алып беремін деп, өзімен қоса бірнеше туыстарынан барлығы 250 000-нан астам теңгені жинап алған, алайда ешқандай жәрдемақы алмаған. Бұдан бөлек, аудандық полиция бөліміне осыған ұқсас қылмыстың құрбаны болып, аталмыш алаяқтан алданғандарын айтып, бірнеше тұрғындар шағым түсірген. Осы жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық «бойынша тіркелді. Түлкібас ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшаларын алып кеткен алаяқты қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жәбірленушілерден жауап алу барысында, күдіктінің жеке-басын анықтады, мұқият тексеру жұмыстары жасалды. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы полицейлер күдіктіні Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, бұрында осы «Алаяқтықпен» сотты болғаны белгілі болды. Тергеу барысында анықталғандай, ол тұрғындардың сеніміне кіру арқылы, осындай істермен айналысып, бір реттік көмек алып беремін деп, алдап жүрген. Қазірдің өзінде осы қылмыстық іс бойынша 30-ға жуық жәбірленушілер аталмыш азаматтың атына арыз беруде. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 3 миллион теңгеге жуықтаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. ТО ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше күдікті қамауда. Жоғарыда аталған қылмыстардың барлығын бір адам жасағандықтан, қылмыстық істер біріктіріліп, «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға кез-келген адамға сенім білдіртпей, қашанда сақтық шараларын қамтамасыз етіңіздер деп ескертеді. Өзіңізге таныс емес белгісіз азаматтарға ақшаларыңызды бермеңіздер, өзіңізге ғана қатысты банкомат карточкаларыңыздың құпия сөздерін айтпаңыздар деп кеңес береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *