МЕШІТТЕ БЕТПЕРДЕ ТІГЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Сovid-2019 жұқпалы індетінің алдын алу бойыша Шымкент орталық мешіті жанынан арнайы шағын тігін цехы іске қосылды.

Игі бастама Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.Тігін цехында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанованың шәкірттері мен  ерікті 16 тігінші қыз-келіншектер үлес қосуда.

Негізгі мақсат — ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қолдау көрсету болып саналады.

Бүгінгі күнге дейін  2500-ден астам бетперде жасалып, тиісті орындарға қайырымдылық негізінде тегін үлестіріліп жатыр.

Ал бетпердеге қажетті материалдарды орталық мешіттің найб имамы Мұхамеджан Естеміров пен іс басқарушысы Абай Қамбар және қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан бас имамдары демеушілер арқылы қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *