БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ

Аntikor.live: бюджет ашықтығы – қоғамдық мониторингтің құралы. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» алғаш рет халық үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Талғар Серікбаевтың айтуынша осы ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысу мүмкіндігін алады.

Карта нақты уақыт режимінде білім беру, денсаулық сақтау,мәдениет, спорт және басқа да мекемелердің әлеуметтік объектілерін ұстауға, сондай-ақ олардың құрылысы мен жөндеуіне бөлінген бюджет қаражаты туралы қолжетімді мәліметтерді көрсетеді. Яғни кез келген адам тәулігіне 24 сағат көрсетілген процестерді бақылай алады, оларды құжаттамамен салыстыра алады және айырмашылықтар анықталған жағдайда тиісті фото және бейне материалдарды қоса уәкілетті органға хабарлай алады.Сонымен қатар, көрермендер үшін publicbudget.kz платформасын пайдаланудың қадамдары онлайн түрде көрсетілді. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша Картаға Шымкент қалалық 389 ұйымдар орналастырылып, 282 млрд. теңгеден астам сомаға 600-ден астам бюджеттер қалыптастырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *