ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҚҰНЫ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК ҚОС ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Жергілікті кәсіпкер «Астана Строй-Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры аудандық «Мырзакент» және «Атакент» ауруханаларына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған құны 1 миллион теңге тұратын 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады.
«Коронавирус инфекциясы асқынған жағдайда адамның өкпесіндегі тыныс алу жолдарын зақымдайды. Науқасқа оттегі жетіспей қиналады. Міне, осындай жағдайда тыныс алу аппаратының маңызы зор. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасанды тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігінен көптеген елдерде коронавирус індетінен қайтыс болушылардың саны артуда» — деді «Мырзакент» ауруханасының бас дәрігері Берік Нағашбекұлы.
Оттегі концетраторы, оттегі маскасы, мұрын кануласынан тұратын медициналық аппараттар коронавирус індетіне шалдыққан науқас балаларды емдеуде таптырмайтын құралдардың бірі. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен аудандық «Мырзакент» ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов құрал-жабдықтарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкердің ұлына алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *