Түркістан облысында заңсыз балық аулау деректерінің жолын кесу үшін ұйымдастырылған жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ аудандық полиция бөлімі желілік полиция қызметі табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары Ақжайқын көлінде браконьерлерді ұстады. Олар заңсыз балық аулап, тасымалдаумен айналысатын Шардара ауданының екі тұрғыны болып шықты. Күдіктілердің «Мерседес-бенц» автокөлігінен, полиция қызметкерлері ауланған 600 кг жуық балық тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, жануарлар мен өсімдіктерді, соның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді жою заң бойынша қудаланатынын ескертеді.