ШАРУАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮШІН «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынуда. Бұл жобаны «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржылындармақ. Осы мақсатта биыл 950 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген.
Бүгінгі таңда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан мақта, мақсары, бидай және бақша дақылдарын өсіру бағыттары бойынша жалпы сомасы 360,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қаралып, мақұлданған. Сондай-ақ, тағы жалпы сомасы 415 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаралу үстінде. Бұл жобаларды 30 сәуірге дейін қаралып бітеді деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 174,5 млн. теңгені құрайтын 4 жобаның құжаттарын жинау жинау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-гі қаржы құралдарын толықтай игеруді 2020 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асыруды жоспарлауда.
Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жылына 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізу ісі 2020 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады. Ал несиені қайтару мерзімі Түркістан облысының жеке тұлғаларына, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлеріне және заңды тұлғаларына өсірілетін дақылдардың бекітілген тізбесі мен шығын нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.
Шаруалардың қолайлылығы үшін барлық аудан орталықтарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС аймақтық өкілдері жұмыс істейді. Олар өз кезегінде құжаттарды жинау және тапсыру бойынша қарыз алушыларды сүйемелдеуге ықпал жасайды. Жеделділік үшін сканерден өткізілген құжаттар пакетін мына электронды мекенжайға жіберу мүмкіндігі қарастырылған: t.sultanov@ricon.kz және мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады +7 777 360 98 89, +7 700 086 06 23.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *