КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға азық-түлік тауарларын үйіне дейін жеткізіліп берілуде. Мұндай игі істі «Түркістан» ӘКК» АҚ азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып келеді. Кез-келген азамат қажетті азық-түлік және басқада тауарларға байланыс телефондары немесе «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс бере алады. (Байланыс телефондары: ЖК «Али» – 87753130581; ЖК «Азамат» – 87089727505; ЖК «Адилет» – 87711088004; ЖК «Имаш» – 87077730312, – 87079772816; ЖК «Дәметкен» – 87022725932, 87718677678; ЖК «Әбдіқадыр» – 87071040303; ЖК «Сапиев К.Р.» – 87715665053)
Төлем нақтылай немесе банк картасы арқылы жасалады. Тауарды жеткізу ақысы тапсырыс берушінің орналасу қашықтығына байланысты 350-700 теңге аралығында болады. Ал, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жататын жандарға бұл қызмет түрі тегін көрсетіледі. Тапсырыс қабылдау, тауарды жеткізіп беру сағат 11:00 – 20:00 аралығында күнделікті жүзеге асырылады.
Айта кетейік, жалпы Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын 14 әлеуметтік дүкен мен 5 супермаркет бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *