14 ЖЫЛДАН БЕРІ ҚҰЖАТСЫЗ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай кезінде мас халде, құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің көшелерінің бірінде жол полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстарын атқарып тұрады. Кенет «Форд Транзит» автокөлігі маневр жасау қағидаларын бұзғандықтан тәртіп сақшылары оны тоқтатады.

Тексеру барысында жүргізушінің спирттік ішімдік ішкені анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес «жеңіл дәрежеде» мас күйде болғаны дәлелденді. Оған қоса, құжаттарын тексеру барысында тұрғынның жүргізуші куәлігінің уақыты 2006 жылы аяқталған, алайда ол куәлігін қайта жаңартпаған, жалпы құжатсыз көлік басқарып жүргені белгілі болды. Көлік техникалық қадағалаудан өтпеген.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608, 595, 590 және 612-баптарымен әкімшілік хаттамалары толтырылып, аудандық соттың шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *