БІРТАНОВ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ЕКПЕГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУШІЛЕРГЕ ЖАУАП БЕРДІ

Енді келесі жазда бүкіл Еуропада «COVID-19 вакцинасын алмағандарға кіруге тыйым салынады» деген белгілер пайда болуы да ғажап емес — министр. Бұл туралы Oinet.kz хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі еліміздегі жаппай вакцинациялау шарасына қарсылық танытушыларға жауап берді. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Бізде кейбір «жолдастар» әмбебап екпені жою қажеттілігі туралы мәселені алаулатып, митингілеп жатқанда, дамыған елдер өз халқы үшін Коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаны алуға кезекке тұрып жатыр» деп жазды. «Бәрі кезек алып болған сияқты. Енді келесі жазда бүкіл Еуропада «COVID-19 вакцинасын алмағандарға кіруге тыйым салынады» деген белгілер пайда болуы да ғажап емес», — деп қысқа қайырады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *