АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН 150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер мен 89-ы фельдшерлер.

Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде. Ақ халаттылар оқшауланған тұрғындардың қан қысымын өлшеп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. Әсіресе, бүлдіршіндер мен егде жастағы азаматтардың денсаулығы жіті бақылауға алынған. Эвакопункттер медициналық қажетті заттармен толықтай қамтамассыз етілген. Тұрғындардың қажеттілігіне қарай гигиеналық заттар да үлестірілуде.

Онда дәрігерлер азаматтарға тұрақты түрде COVID-19 вирусының алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, эвакуациялық бекеттерде жатқан азаматтар арасында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында 22750 медициналық бетперде 14750 қолғап, 800 литр антисептик, 500 литр дезинцекциялауға арналған сұйықтық және басқа да қорғаныс құралдары үлестірілді. Тағы қажеттілік туындаған жағдайда қорда жиналған құрал жабдықтар қосымша таратылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *