МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Ағымдағы жылдың 1  мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус.

Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша автобустар жұмылдырылатын болады.

Сонымен қатар, ауданға жол саласы бойынша 65 арнайы техникалар жұмылдырылды. Мәселен,  28 «хова» жүк көлігімен инертті (құм, шағалтас) материалдар жеткізілді. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтарға 35 адам жұмылдырылып, 120 куб қап қапталып, бөгеттер жасалды.

Бұдан бөлек, «Қазавтожол» ЖШС-і төтенше жағдайға 8 жүк көлігін, 2 трактор, 1 автогрейдер, 1 жүк артушы көлігі мен 10 жұмысшыны жұмылдырды. Мекеме тарапынан 550 текше метр топырақ жиналып, бөгеттер үшін 2000 қап дайындалды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *