Қазақстандық велоспорт өкілдері халықаралық рейтингтік жарыстарда марапаттарын алуды жалғастыруда. Соңғылардың бірі боп тұғырға орныққан Сұлтанмұрат Миралиев болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы Санкт-Петербургтегі Гран-приде сәтті өнер көрсетті. Миралиев ұпай бойынша топтық жарыста екінші болып мәре сызығын кесті. Бұған дейін Тулы Гран-приінде Роман Василенков «күміс» жүлдені, Сергей Пономарев та екінші орынды, ал Артем Захаров үшінші орынды иеленген болатын. Ринат Султанова да мәреге екінші боп келді.