ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ

Мақтаарал ауданына техника және мамандарымен Өзбекстаннан арнайы топ келді. Олардың қатарында, 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері сонымен қатар тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар.
Жалпы көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізетін болады. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданған тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдарының жеткізілетін айтты. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Естерңіңзге сала кетейік бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифинг барысында Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің басшылары,  Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстанның Сырдария облысына аттанғанын мәлімдеген болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *