Шөкеев: Сел салдарымен күресте «Мақтаарал тәжірибесін» пайдаланамыз

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді.

«Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. Сел салдарымен күресте Мақтаарал тәжірибесін пайдаланамыз. Су шайған аумақтар секторға бөлінген. Оларға көмекке келген аудандардың басшылары жауапты. Жұмылып төтенше жағдайды еңсеруге барлық мүмкіншілік бар», – деді Өмірзақ Шөкеев штаб отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының таулы аудандарында нөсерлі жауын салдарынан бірнеше ауданда су тасқыны орын алған болатын. Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. Су тасқыны зардабын жоюға 612 маман мен 84 техника 47 мотопомпа жұмылдырылды. Бүгінде сел салдарының зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін тұрғындардың шығындары есептелетін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *