ҚР Президентінің ресми сайтында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлық шықты
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінеді ресми жарлықта.