Мақтаарал ауданындағы орталық базар дезинфекцияланды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі орталық базарында дезинфекциялау жұмыстары жүгізілді. Бұл шаралар «COVID-19» вирусының ел ішінде таралуын болдырмау мақсатында қолға алынып отыр. Бұл туралы аудандық санитариялық – гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттерді сақтау бөлімінің басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі таңда коронавирус індетіне қарсы аудандағы барлық қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстары қолға алынған.

«Өздеріңіз білетіндей бүгінде елімізде карантин режимі біршама жеңілдетілді. Дегенмен, қауіп сейілді деп айтуға әлі ерте. Сондықтан, аудандағы сақтық шараларын сақтай отырып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудеміз. Дезинфекциялық жұмысты аудан орталығындағы «Смадияр ата» базарынан бастап отырмыз», – деді Г.Сәулебекова.

Аталған сауда орнының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Залалсыздандыруға арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған 2 маман жұмылдырылған. Дәрілеу жұмыстарына арнайы деохлор ерітіндісі пайдаланылуда.

Мамандар залалсыздандыру жұмыстары мұнымен шектелмейтінін айтты. Алдағы уақытта аудандағы халық көп жиналатын орындардың барлығы дезинфекцияланатын болады. Сондай-ақ, қосымша мамандар тартылып, тасқын судан зардап шекен ауылдарда да дәрілеу шаралары қолға алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *