Осы жылдың 12 мамырынан бастап жыл соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталды. Бұл жобаға кез-келген үміткер қатыса алады, барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қаралып, заң бұзушыларға тиісті шаралар қолданылады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз хатшысы Баян Тұлғабаева мәлімдеді.
«App Store немесе Play market жүйесінен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы салынады. Биыл 13 мамырдан бастап дәстүрлі «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске қосылды. Оның мақсаты — азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар үшін чекті мобильді қосымша арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда дерек расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады. Өткен жылы бұл акцияға Түркістан облысының 1 494 тұрғыны қатысып,ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алды», — деді Баян Тілегенқызы.