Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардағы жүргізіліп жатқан істер барысын бақылады

Қалаға кіреберіс бағыттың бірі — Түркістан-Кентау тасжолының екі жиегінде салынып жатқан тасарық жұмысы ерекше назарда. Себебі, алдағы жаз мезгілінде салқын леп сыйлап, экологияға әсер ететін мұндай жобаларда тұрғындарға жайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Сондықтан да, бақылау барысында жұмыстарды мердігерлер сапалы әрі уақытылы жасау қажеттігі тапсырылып отыр. Осы орайда киелі шаһардағы жүргізіліп жатқан істердің барысын Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов арнайы бақылауға алды.  ⠀

Б. Саттарханов даңғылы бойында асфальт жолға су ағуы нәтижесінде қозғалысқа жарамсыз болып қалған болатын. Осы шағын аумақта жауаптылар үздіксіз жұмыс жүргізуде. Алда 10 күн ішінде аяқталады деп жоспарланған.⠀

Сонымен қатар, Рашид Абатұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі және заманауи стильді қатар жаңғыртқан, шығыс базарының келбетін танытатын «Керуен-Сарай» кешеніне барып, карантин режиміне қарамастан, сақтық шараларын орындай, жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілу қажеттігін айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *