Полиция жоғалған баланы 2 сағатта іздеп тапты

8 жасар ұлын жоғалтып алған ана дереу полицияға хабар берген. Жетісай АПБ-нің кезекші бөлімі, қабылданған арыз бойынша шұғыл іздеуге кіріскен.

Аға лейтенант Әділхан Муфтиллаев пен полиция капитаны Мейірхан Жетібаев барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды. 2 сағатқа созылған қажетті іс-шаралар нәтижесінде, жоғалып кеткен бала өз үйінен 6 көше ары қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына аман-сау күйінде тапсырды.

Өз кезегінде, жасөспірімнің анасы Жетісай АПБ-нің қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Аяқ асты ойнап жүріп жоқ болған баламды тауып әкеліп бергендеріне ризамын. Жұмыстарына табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңіздер»-дейді, баласымен қайта қауышқан ана қуаныштан көзінен шыққан жасын жасыра алмай.

Полиция.кз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *