Түркістанда облысында ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылады

Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады.

Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті.

Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 млн.АҚШ долларын құрайды. Жоба толық қанды іске көшкенде  100-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Инвесторлар кең қолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді жоспарлауда. Мәселен, әмбебап-жер айдау тракторы, мақта шаруашалығына арналған трактор, олардың тіркемелері мен роторлы орақтар, су бүрку желдеткіштері, соқа және басқа да техникаларын құрастыру көзделген.

Сонымен қатар, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ  қазақстандық мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды, техникалық персонал үшін тәжірибелік тренингтер жүргізуді өз мойнына алып отыр.

Ал, отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы техникасын сату үшін дилерлік және сервистік желіні дамытатын болады.

«Turkistan Invest» тарапынан инвестормен жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай жобалардың екі ел үшін де маңыздылығын және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақ-өзбек ынтымақтастығы Түркістан облысын дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өту қажет. Өзбекстан біздің өңіріміз үшін екінші маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылады (23,8% немесе 170,2 млн. АҚШ доллары) (38,5% немесе 274,9 млн. АҚШ). АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт-170 млн. доллар және импорт 207 млн.Ауыл шаруашылығы техникасының тозуын ескерсек, бұл жобаның өзектілігі даусыз. Еліміз бойынша 185 мың бірлік техниканың 76% — ы, облыста 19 мың бірлік техниканың 83% — ы тозған.  Мемлекет өз тарапынан инвестициялық субсидиялар, фермерлерге жеңілдікпен несиелер, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін субсидиялар, сондай-ақ инфрақұрылым жүргізу түрінде көптеген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып келеді. Біздің  тарапымыздан сіздерге  қолдау және толық ақпарат беріледі», — деді Өмірзақ Естайұлы.

Кездесуде «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Н. С. Отажонов біздің өңірдің инвестициялық ахуалына жоғары баға берді.

Қазақ-өзбек ынтымақтастығы Түркістан облысын дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өту қажет. Өзбекстан біздің өңіріміз үшін екінші маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылады.

Жобаға қызығушылық танытқан өзбекстандық компанияның басшылығы 49/51% шарты негізінде, акциялардың негізгі пакеті  «Orbis Kazakhstan» Қазақстандық серіктес компаниясында болуды жөн көрді.

«Orbis Kazakhstan» компаниялар тобы – экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, ондаған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктірген көп бейінді отандық компания. Компаниялар тобы мұнай сервисі, мұнай химиясы, агробизнес, құрылыс, көлік, тасымалдау және қоғамдық тамақтану бойынша қызметтердің кең түрін жүзеге асырып келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *