Мақтааралға гуманитарлық көмек тонналап жеткізілуде

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық-түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген.
Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болған.
Ал, Батыстан Оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері күтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *