ХҚО-ға кезекті eGovKzBot2.0 телеграм-ботымен брондауға болады

Түркістандықтар енді ХҚО-ға кезекті брондау үшін тек egov.kz порталы мен 1414 байланыс нөмірі арқылы ғана емес, eGovKzBot2.0 Телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі және Телеграм қосымшасын жүктеуі тиіс. Мобильді азаматтар базасына egov.kz порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т.б.

Жалпы, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *