АҚШ-тағы Нотр-Дам католик университетінің психологтері бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Бұл туралы islam.kz хабарлайды. Осы мақсатта жасы 18-61 аралығындағы өз еркімен тәжірибеге қатысқан 200-ге тарта адамның психологиялық және соматикалық (тән) денсаулығын тексеріп, олардың бәріне бірдей тапсырма берген болатын. Аталмыш тәжірибеге қатысушылардың жартысы тапсырма бойынша 10 апта бойы тек шындықты айтуы тиіс, ал қалған жартысы күнделікті өмірде өзін қалай ұстайды, сол қалпында қалуы керек. Ол ол ма, сол қалған жартысына ұсақ-түйек нәрселер бойынша өтірік айтуға әрі қалағанындай әсерілеп айтуға рұқсат берген екен. Аталмыш тәжірибеге қатысушылар күн сайын анкета толтырғанда қандай жағдайда жалған сөйлегенін және оған нендей себеппен барғанын жазуы тиіс деген талап қойылды. Нәтижесінде тек шындықты айтуы тиіс топ өтірік айтудан біржола құтыла алмағанымен бұл жат әдеттен біртіндеп арыла бастаған екен. Яғни, сирек жағдайда ғана жалған сөйлеуге мәжбүр болған. Тәжірибенің соңғы кезеңінде америкалық психологтері өз еркімен қатысқандардың психологиялық және соматикалық денсаулығына ортақ жалпы тест жүргізеді. Нәтижесінде тек шындықты айтуы тиіс деген тапсырма берілген топ өздерін әлдеқайда жайлы сезінген әрі қандай да бір торығу, жабығу секілді психологиялық күйден аз зардап шеккен. Ал екінші топтағылар кешқұрым бастары айналатынын әрі тамақтары ауыратынын айтып шағымданған. Ең бастысы, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығатынын аңғарған. Ғалымдардың тұжырымынша, бұл психосоматикалық сипаттың белгісі, өйткені, олардың ауыз қуысынан ешқандай инфекция ошағы табылмаған еді. Десе де олар сөйлегенде аузынан аздап мүңкіген иіс шығып тұрғанын жасырмады. 2005 жылы америкалық ғалымдар өтірік айтуды, жалған сөйлеуді әдетіне айналдырып алған, яғни, патологиялық сипат алған адамдар миының нейрон қызметін зерделеуге кіріседі. Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния жоғарғы оқу орнының дәрігерлері осы оқу орнына қарасты әдебиет, өнер және ғылым колледжінің психологтерімен бірігіп, жасы 21-45 аралығындағы өз еркімен тәжірибеге қатысқандарға зерттеу жүргізіп көрген екен. Клиникалық психологтер бекіткен 12 жалғаншының 11-і ер адам да біреуі – әйел. Әлеуметке қарсы әрекетке бейім 16 адамның 15-і ер адам да біреуі – әйел. Сондай-ақ, орташа статистикалық тұрғыдан қалыпты тағы 21 адамның ми құрылымы биохимиялық және медициналық аппараттық тексеруден өтеді. Нәтижесінде жалған сөйлеуді әдетке айналдырғандардың ми нейрондарыннан қатты ауытқу байқалған. Тәжірибеге қатысқан өзге топтағыларға қарағанда. Бұл зерттеу нәтижесі 2005 жылы британиялық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Өтірік айтуды әдетке айналдырғандардың миының перфронталды қабатындағы нейрондар мөлшері 14,2%-ға кеміп, жүйке талшықтарының мөлшері 22%-ға артқан. Яғни, жалғаншының таным мен интеллектіге жауапты ми бөлігі барынша жақсы дамыған болып шықты. Сонымен қатар, оларда гипоталамус пен өзге де ми құрылымы арасындағы нейрондық байланыс тез орнайтыны белгілі болды. Олардың ми қызметі өмір шындығына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі түсініктер мен бейнелерді мейлінше қиыннан қиыстырып байланыстыруға қабілетті болып шыққан. Өтірікшілердің гормондық жүйесі бір ырғақтан жаңылмайды: жанындағы серігіне сымбатты әрі әсем етіп көрсетеді. Ең бастысы – олардың бойынан қымбат әтірге тән аса нәзік жұпар иіс есіп тұрады. Америкалық ғалымдардың гипотезасы бойынша патологиялық өтірікшінің мұндай биологиялық ерекшелігі олардың бойында жыныстық дамуы кезінен бері қалыптасады. Бұл жайында tstosterone.ru ақпарат көзі хабарлады.