Түркістанда газ құбырлары кестеге сай тартылуда

Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде

ПГБ-1, яғни Шавгар мөлтек ауданы, С. Ерубаев көшесі, Теміржол вокзалы аумағы, Т. Бокин, С. Қожанов көшелері және т.б аумақтарда маусым айында басталған жұмыс жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

Сондай-ақ, ПГБ-4, яғни Қызылорда тасжолы бойындағы Яссы және Сауран мөлтек аудандары, Шипа су аумағы, Шәуілдір тасжолы бойы және т.б аумақтағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, осы жылдың қарашасында аяқталмақ.

Айта кетейік, қаламызда Бекзат, Ақмақта (Хлопзавод), Отырар, 1-2 мөлтек аудандар және ХҚТУ, Асанбай аумағы толығымен қатты отын түрінен көгілдір отынға толығымен ауысқан. Ал, Ортақ (№22 мектеп аумағы), Ыждыхат және Яссы аудандарының газ құбырлары құрылысы 15 маусымда аяқталады.

Жалпы, құрылыс жұмыстары аяқталған аумақтарды қамтыған абонент саны — 22002. Ал, осы жылы пайдалануға берілетін аумақтағы абонент саны — 30035. Бүгінде Түркістанның газбен қамтылу көрсеткіші 65 пайызды құрайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *