Түлкібаста қарасора өсірген азамат полицияны өзі шақырған

Естімеген елде көп. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіріп, полицияға хабарласқан азамат, қазір заң алдында жауап беруде. Оқиға Түлкібас ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Мекен жай бойынша жергілікті тұрғынның үйіне барған полиция, бау-бақшаға егілген қара сораны тапты. Тінту барысында полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткі заты бар 5 түп өсімдікті тәркіледі. Күдікті өз әрекетін толық мойындай келе, бұл өсімдіктерді өзі тұтыну үшін өсіргенін айтты.

Қазіргі уақытта заңсыз есірткі өсіру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *