Халықтың ақшасына қол сұққан кім?

Миллион теңге ақшасын алаяққа берген ер адам жер сипап қалған. Жәбірленушінің айтуынша өзінің сеніміне кірген азамат, жұмысқа орналастырам, одан бөлек жүргізуші куәлігіңді жасап берем деп әбден басын айналдырған. Келес АПБ-не осыған ұқсас арыздармен тағыда бірнеше тұрғындар хабарласқан. Қалған арызданушыларды да осылай алдаған алаяқ біреуінен 250 000, келесісінен 135 000, кейбірінен 75 000 теңгеден алып отырған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, тұрғындарды арбауына түсірген алаяқ азаматты ұстауға қажетті шаралар жасалды. Куәгерлерден жауап алу барысында, ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, бір тәулік ішінде ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын осындай алаяқтықпен сотты болған. Өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті осылай алаяқтық жолмен 5 тұрғынды алдаған. Жәбірленушінің барлығына келтірілген шығын көлемі 1 500 000-нан астам теңгені құрады. Күдікті қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді.

Полиция.кз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *