Жетісайда биыл 200-ден астам көше жөндеуден өтеді

Ағымдағы жылы Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтетін болады. Оған жалпы 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде Жетісай ауданындағы 113 елді мекеннің және 1 қала мен 1 кенттің көшелері жақсарады.
Аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 33 көшесі ауылдағы көшелердің еншісінде. Ал, 162 көшеге ағымдағы, яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілмек.
«Өткен жылы ауданда 166 көше жөндеуден өтсе, биыл 200-ден асып отыр. Бұл аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен 63 шақырымды құрайтын 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның құрылыс жұмыстары биыл басталады», — деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Сонымен қатар, ұзындығы 20 шақырымға жуық «Жетісай — Мақталы» бағытындағы КХ86 автомобиль жолы жөндеуден өтетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *