ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТИТУЛЫ ҮШІН ЖҰДЫРЫҚТАСАТЫН БОЛДЫ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта бос қалған әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі.

Бұл туралы ESPN шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Головкин – Деревянченко жекпе-жегі бойынша шешім кеше қабылданды. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдауы қажет. Бұл үшін оларға 30 күн уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді. IBF титулы 1 тамызда бос қалды, осы күні ұйым белбеуді мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (52-1-2, 35 КО) міндетті қарсылас Деревянченкомен келісе алмағандықтан тартып алған еді. Бұл белбеуді ол 5 мамырдан бері иеленген болатын. Деревянченко IBF титулына міндетті қарсылас дәрежесіне ұйым ретингіндегі бірінші орынға байланысты жетті. Тізімде екінші орын бос, ал үшіншісінде Головкин көрсетілген.

Gennady Golovkin in action against David Lemieux in a World middleweight championship title unification bout at Madison Square Garden in New York on Saturday, Oct. 17, 2015. Golovkin won by a TKO in the eighth round. (AP Photo/Rich Schultz)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *