ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 қазанда Шымкент гарнизонының әскери прокуроры А.Қапезовтың төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 2019 жылдың 9 айында әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелері, әскери объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуы, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелердегі заң қыметі жұмысының жағдайы талқыланды.
Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығының, Шымкент және Арыс гарнизондары әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылығы мен жауапты лауазымды тұлғалары, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстық деректер санының 13-тен 18-ге дейін, сонымен қатар оның ауыр түрлерінің 2-ден 4-ке дейін өсуіне байланысты криминогендік жағдайда теріс динамиканың көрсетілуіне, сондай-ақ құқықтық және әскери тәртіпті нығайту қажеттілігіне аударды. 
Отырыс барысында әскери объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталу жағдайына қатысты жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижелері қаралып, онда әскери бөлімдерінің басшылығымен, жергілікті атқару органдарының өкілдерімен орын алған өзекті мәселелердің шешілу жолдары пысықталды. 
Сонымен қатар, кеңес қатысушыларымен әскери бөлімдер мен мекемелердегі заң қыметі жұмысының жағдайы, олардың қызметіндегі кемшіліктер талқыланып, оларды жетілдіру және жандандыруға қатысты ұсыныстар енгізілді.
Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
Бақытжан Нұрмаханбетов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *