ӘСКЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

  Сыбайлас жемқорлықты алдын алу – мемлекеттегі маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық салада сыбайлас жемқорықпен күресуді қатаң тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын ҚР Қорғаныс министрлігі қолға алып, бүгінде кешенді жұмыстар жүргізіле бастады. Әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне «нөлдік» төзімсіздің таныту және әдептілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Қарулы Күштерінде «Сыйбайлас жемқорлықсыз армия» атты ауқымды акция басталды. Аталған акция шеңберінде Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департементінде сыйбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жиын өтті. Шараға департменттің жеке құрамы түгел қатысты. Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Р.Мадьяров жиналғандарды ҚР Қарулы Күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен таныстырып, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңының маңызды бөлімдеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың адамның қызметі мен өміріне тигізетін зияны жайында бейнеролик көрсетілді. Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Тлеуханов жеке құрамды парақорлыққа жол бермей, адал қызмет етуге шақырды.
           Айта кетейік, бүгінде ҚР Қорғаныс министрлігінің  mod.gov.kz  сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы тарау ашылған. Онда сыбайлас жемқорықты алдын алуға қатысты қажетті ақпараттарды алуға, фото және бейнематериалдарды жүктеуге және орналастыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық деректері орын алған жағдайда кез-келген азамат ҚР Қорғаныс министрлігінің +7(7172) 54-19-25, Call-center 72-15-11 сенім телефондарына хабарласа алады.
           Ел межесі — әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің тізіміне ену.  Осындай тәуелсіз еліміздің алдында тұрған биік мақсатқа жетудің кедергісі ол – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу-баршамыздың негізгі міндетіміз екендігі анық. Бұл — ҚР Қарулы Күштеріндегі қызмет етіп жүрген барлық азаматтардың қаперінде мәңгілік сақталуы  тиіс.
   Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *