ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИД 32%-ҒА АЗАЙҒАН

Жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша нақты қадамдар нәтижесін беруде. Мәселен, өткен жылы Түркістан облысында кәмілет жасқа толмағандар арасында өзіне қол жұмсау көрсеткіші 32%-ға кеміген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясында мамандар өз пікірлерімен бөлісті. Бала тағдыры талқыланған басқосуға ғалымдар, психологтар мен педагогтар және прокуратура өкілдері қатысты. Курс барысында ұстаздар 2 апта бойы әлемдік тәжірибеге бағытталған психологиялық амалдармен танысады. Жиналған мамандар мен сарапшылар осы бағыттағы ғылыми тәжірибелерімен, проблемаларды шешу жолдарымен бөлісті.

Түркістан облысы басшылығының тікелей бақылауындағы мәселе бойынша бірнеше бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Бестерек» жобасы.  Оның аясында мыңнан астам педагог-психолог кезең-кезеңімен дайындықтан өтуде. Дайындықтан кейін мамандар «тәуекел тобына» жататын балалар мен олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы тіркелген 106 суицидтің 41-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Былтыр бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *