ҚР Тұңғыш Президенті елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қалалық полиция басқармасына жаңадан жұмысқа келген 35 бітірушіге басшылар тарапынан киелі қаланың тарихи орындарын таныстыруға арналған бір күндік экскурсия ұйымдастырылды.
Өңірдің полицейлері ҚР ІІМ Алматы және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан келген курсанттарды көне қаланың тарихи орындарымен және ескерткіштерімен таныстырды.
Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Түркістан қалалық полиция басқармасына жедел уәкіл лауазымына тағайындалып, алғаш рет қызметке кіріскелі отырған Кеңесов Абылайхан экскурциядан алған әсерімен бөлісті.
«Тарихи экскурсия барысында қаншама ғасыр жасаған Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен, оның тарихымен кеңінен таныстық. Көне жәдігерлерді тамашаладық. Сондықтан осы экскурсияны ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын.», деді болашақ полицей.
«Бірінші кезекте мұндай экскурсиялар еліміздің аймақтарынан келген жас мамандарға облысымыздың даму тарихымен танысуға, сондай-ақ
бос уақыттарын мәдени-танымдық бағытта өткізуге бағытталады. Ғасырдан ғасырға сақталып, көне ескерткіш ретінде жасап келе жатқан кесененің жәдігерлерін шынайы көрген болашақ полиция қызметкерлері таңданыстарын жасырған жоқ. Кесененің әрбір тарихи орынында суретке түсіп, бір күндерін саяхаттауға арнады. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өз жалғасын тауып, жиі ұйымдастырылатын болады.», — деді Түркістан ҚПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Алдабергенов.
Осылайша, Түркістандық тәртіп сақшылары жаңадан қызметке кіріскелі отырған жас полицейлерді қала тарихымен таныстырып, болашақта киелі қаланың даму кезеңінде жоғары жетістіктерге жете берулеріне сенім білдірді.