ТҮРКІСТАНДЫҚТАР САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙТІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ САҒАТТАП КҮТУГЕ МӘЖБҮР

Түркістан қаласының тұрғындары тозығы жеткен қоғамдық көліктерге амалсыздан мінуге мәжбүрміз дейді. Сапасын былай қойғанда уақытынан кешігіп келетін көне автобустарды халық сағаттап күтетіндеріне наразы. Әлеуметтің негізгі мәселесін көтерген қала тұрғыны оны фейсбук желісінде жариялаған. Жадыра Қожахметова «Түркістанда қоғамдық көліктер қашан толықтай жаңартылады?»,- деген тақырыпта жазба қалдырған. Ол «Қоғамдық көліктің сапасы қашан оңалады екен? Қаңтар айының 1 жұлдызынан бастап, жолақы — 70 теңге болғанымын, қоғамдық көліктердің сапасы сын көтермей тұр. Облыс орталығы болғанына 2 жылға жуық уақыт болды. Дегенмен бұл мәселенің шешімін табар түрі жоқ сыңайлы. Жаңа автобустар әкелінген. Бірақ оның саны тым аз. Талапқа сай келе бермейтін газелдер қала тұрғындарын мезі еткені жасырын емес. Ал, екінші жағынан қаланың экологиясын ластауда. Ең болмағанда таңертең және кешкісін маршруттар саны көп болса екен. Мейлі, бір аяқпен тұрсақ та, автобусқа барлығымыз мінуге асығып тұрамыз. Алайда, 70 муниттан кейін келетінін қайтеміз?»- деп атап өткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *