ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 6 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Оның 7-еуі жұмыс істеп тұрса, қалған 2-еуі алдағы уақытта іске қосылады. Олардың жалпы аумағы 693 гектарды құрайды, оның 40 гектары Түркістан қаласына тиесілі. Онда 2,1 млрд. теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде 9 жоба жүзеге асып, 321 жұмыс орны ашылған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта жұмыс істеп тұрған бірқатар кәсіпорындарды аралап, атқарып жатқан шаруаларымен танысты.
Алдымен журналистер жеңіл жиһаз өндірумен айналысатын «Cordial Turkestan» ЖШС-да болды. Аталған кәсіпорын 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Зауыт айына 60 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Онда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жиһазға қажетті шикізаттар Түркия, Қытай, Ресей елдерінен экспортталады. Қазіргі таңда дайын өнім Қазақстан аумағында сатылымға шығарылуда.
Түркістан индустиалды аймағында жиһаз шығарумен «Grand Miks» ЖК мекемесі де айналысып келеді. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылған. Кеңселік жиһаздар өндіретін зауыттың жалпы құны 468 млн. теңге. Кәсіпорын жылына 24 мың дана корпустық жиһаз шығаруға қауқарлы.
«Біздің мекемеде 150-ден астам жергілікті азаматтар тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Өндіріске қажетті шикізатты Ресей елінен алдырып жатырмыз. Дайын тауар Қазақстанның ішкі нарығы мен ТМД елдеріне экспортталуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз», – деді мекеме директоры С.Исаков.
Сондай-ақ, аталған мекеме 2019 жылы ламинат өндіруді де қолға алды. Жобаның жалпы құны 320 млн. теңге. Жылына 160 мың жиынтық өнім шығаратын цехта 50 адам жұмыс істейді.
БАҚ өкілдері аялдаған нысанның бірі «Стройсервис-ХХІ» ЖШС-і. Құрылыс материалдарын өндіретін зауыт 2017 жылы іске қосылған. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Зауытта 46 адам жұмыс істеп келеді. Зауытта тәулігіне 38 жабын плита, 23 іргетас блогы, 150 тауарлық бетон 8 өндіреді. Мекеме басшысы тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтты. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыру жоспарланған.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше  Түркістан индустриалды аймағында 2020 жылы 1,4 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылмақ. Жоспар жүзеге асса, 240-қа жуық жаңа жұмыс орны пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *