Түркістан қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның өзін жайсыз сезініп, өлгісі келетінін айтқан хабарлама келіп түскен. Осы хабарлама бойынша оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы, көпқабатты тұрғын-үйдің 5-ші қабатынан белгісіз әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын көрген.
Адам өміріне қауіпті жағдайды оң шешу мақсатында оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Болат Оразбеков, полиция лейтенанты Қайрат Нармухамедов пен Нұрғиса Жұмабай тез арада жоспар құрып, әрекетке кіріседі. Полиция майоры Болат Оразбеков әйелді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырып, оның секіруіне кедергі келтіріп тұрса, полиция лейтенантары Нұрғиса мен Қайрат құлыптаулы болған пәтердің есігін бұзып кіріп, өлгісі келген әйелді балконда салбырап тұрған жерінен құтқарып қалады. Полицейлер әйелді қауіпсіз жерге шығарып, медициналық көмек көрсеткен.
Түркістан облысы ПД-нің мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін оқталу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.Тексеру барысында, әйел өмірге қапалы екенін, денсаулығы болмай жүргенін, азын-аулақ тұрмыстық мәселелерді көтере алмай қалып, өзінің не істегенін байқамай қалғанын айтқан. Полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды жүзеге асырды.