ЖАСӨСПІРІМДІ КӨЛІГІНЕ КҮШТЕП МІНГІЗІП, ТОНАП КЕТТІ

Түркістан қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Кентау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын белгісіз біреулер тонап кеткендігін айтып арызданған. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, таңғы сағ.10:00-дер шамасында облыс орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреулер ұлы мен оның досын «Опель» маркалы көлігіне күштеп отырғызып, қорқытқан. Нәтижесінде, жасөспірімнің ұялы телефонын, сөмкесін, ақшасы мен құжаттарын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Күдіктіні іздеуге Түркістан қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылғып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғынын құрықтаған.  Күдіктіден айғақты заттар алынып, қамауға алынған. Осы жайтқа байланысты  ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *