Жаңа форматтағы қонақ үй көлемі 2 400 шаршы метрді құрайтын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Онда 66 бөлме болмақ. Жобаны іске асыру барысында қонақ үй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу қажет. Бутик-отель құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында іздестірілген әлеуетті серіктес-инвестордың тиісті тәжірибесі мен біліктілілі, портфолиосы маңызды болды. Бутик-отельді соғу «Түркістан» ӘКК» АҚ Қазақстанның «BI Group» –инвестициялық-құрылыс холдингісінің еншілес компаниясы жүзеге асырады.
«Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше ең перспективалы, болашаққа бағытталған жоба ретінде Түркістан қаласының тарихи-мәдени орталығына орналасатын «бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды. Сонымен қатар, қазіргі таңда халықаралық франшизаға ие кофейнялар, түрлі форматтағы мейрамхана кешендерін салу мақсатында серіктес-инвесторлардан ұсыныстар қабылдануда.