ПОЛИЦИЯҒА ПАРА ҰСЫНҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

Жол ережесін бұзған өзбекстандық азамат тергеліп жатыр. Оқиға Жетісай қаласында тіркелген. «Ауди» автокөлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары, көліктің егесін бөлімшеге жеткізулеріне тура келді. Өйткені жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші мәселені ақшамен шешпек болып, полиция қызметкеріне 10 мың теңге пара ұсынған. Қазіргі таңда аталған жайт бірден СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша тіркеуге алынды. Сондай-ақ айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері лауазымды адамға пара беру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Оған қоса осы бапта белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не мүлкі тәркіленіп немесе он үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *