ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ЖІГІТ 9 ҚАБАТТАН СЕКІРМЕКШІ БОЛДЫ

Шымкент полицейлері суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 13kz ақпарат агенттігі.

Яңни, 16 наурыз күні 27 жастағы жігіт 9 қабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Қаратау аудандық Полиция Басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Асқар Чуманов пен Медет Есенқұлов өз өзіне қол жұмсамақшы болған азаматты сөзге көндіріп, тоқтата білді. Жігіт әпкесімен сөзге келіп қалған екен. Суицидке сол ашумен бармақ болыпты. Ол Қаратау ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.

Азаматтың өмірін құтқарып қалған учаскелік полиция инспекторларының кәсіби іс-әрекеттері көпшіліктен қолдау тапты. Сол маңдағы тұрғындар мен куәгерлер полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен жоғары кәсіби қарым-қабілетін бағалап, өз ризашылықтарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *